386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда биатлоннан Азияның ашық чемпионаты басталды

  • 549
  • UPD: 17:48, 29.03.2018
Бурабайда биатлоннан Азияның ашық чемпионаты басталды

Құрлық біріншілігіне Қазақстаннан бөлек, Ресей мен қырғыз елінен де биатлоншылар келіпті.

90 спортшы қатысып жатқан Азияның ашық біріншілігі Бурабай баурайында жақында ғана іске қосылған республикалық шаңғы-биатлон базасында өтіп жатыр. Халықаралық жарыс 2 сəуірде аяқталады. Мамандар су жаңа кешенде 2021 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатын өткізу жоспарда бар дейді. Сонымен қатар әлем кубогы кезеңдерін де қабылдауға қатысты ұсыныстар әзірленіп жатыр. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан алғашқы жарыс күні сəтті басталды. Жекелей сында ақмолалық Роман Еремин жарыс жеңімпазы атанды.

Роман Еремин, биатлоннан спорт шебері:

- Бұл – менің осы маусымдағы соңғы жарыстарым. Ал бұл трассада бірінші рет жүгіріп тұрмын. Бүгін ауа райы қолайсыздау болып, қарда шаңғымыз жақсы жүре қоймады. Дегенмен барымды салдым. Алдағы жарыстарда да сәттілік серік болады деп сенемін.

Айталап Қорғанбаев, ҚР Биатлон одағы президентінің бірінші орынбасары:

- Әлем кубогының кезеңінде биатлоншылар одағының тарапынан осы Щучинск қаласындағы және Алматы қаласындағы орналасқан шаңғы-биатлон кешендеріне арнайы тапсырыс беріп, халықаралық деңгейдегі IBU кубоктарының, әлем кубоктары сияқты жарыстар өткізу үшін арнайы лицензия алу, сертификат алу үшін тапсырыс берілген болатын. Сонымен қоса Қазақстан биатлоншылар одағы Халықаралық биатлоншылар одағына 2021 жылғы өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатының өткізуіне байланысты арнайы тапсырыс беруге үмітті.

Хабар 24 телеарнасы