378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда баскетболдан студенттер ұлттық лигасының жеңімпаздары анықталды

  • 625
Алматыда баскетболдан студенттер ұлттық лигасының жеңімпаздары анықталды

Алматыда баскетболдан студенттер ұлттық лигасының бірінші маусымы аяқталды. Ол 2017 жылдын күз айынан бастап өткізілген болатын, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бүгін Алматының «Достық» спорт кешенінде өткен финалдық ойындардының нәтижесі бойынша қыздар командалары арасында лиганың жеңімпазы болып Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің студенттері атанды. Олар Squirels KazNU ұжымын 57:53 есебімен ұтты. Ал, үшінші орынды павлодарлық ПМПУ иеленді.

Ұлдар арасында Х.Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университет командасы чемпион атанды. Олар тартысты өткен кездесуде алматылық «IT Legions» клубын жеңді - 63:58. Қола жүлдені Әл-Фараби атындағы КазҰУ студенттері иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдергрлер медал, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын 1 млн. теңге, екінші орын 750 мың теңге, үшінші орын 500 мың теңге. (қыздар) және ұлдарға әр орынға 500 мың теңгеден.

- Бұл лига өте керемет. Елімізде мұндай бастама болмағалы көп болды. Бүгін финал өте тартысты, әрі қиын болды. Қарсыластарымыздың дайындығы күшті. Бірақ біздің жігіттер жарады. Оларға алғысым шексіз. Енді алда Мәскеуде ойындар күтіп тұр. Барымызды салып, еліміздің үмітін ақтауға тырысамыз, – деп өз ойымен Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университетінің бапкері Рүстем Төлеуов бөлісті.

Айта кету керек, бұл финалдық ойындар 21-24-ші сәуір аралығында топтық кезеңнен басталған болатын. 24 команда қатысып өз тобында үздік болып, ұжымдар (16 ұлдар және 8 қыздар) жүлделі орындарда бақ сынасты.

Осы лиганың басшысы Мирас Буркашевтың айтыунша осы лигаға қатысуға ниет білдірген командалар саны өте көп. Келесі маусымда олардың саны тағыда өсуі мүмкін. Тек ол ЖОО-ның инфроқұрылымдарына байланысты. Оның айтуынша келесі маусым қазанның басынан басталып, сәуірдің соңына дейін жалғасады. Бірақ финалдық кездесулер енді Алматыда емес, басқа қалада өткізіледі.

Турнирдің шешуші кезеңінің үздік ойыншылары, яғни Х.Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің ойыншылары ISBC Халықаралық Кубогына қатысады. ҚР Ұлттық баскетбол Федерациясы студенттік қауымдастығынан Қазақстан құрама командасының халықаралық студенттік Кубогына шақыруын қабыл алды. Баскетбол додасы мамырдың 17-24 күндері Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы