384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Криштиану Роналду әйелдердің футболы туралы телехикаяның продюсері болады

  • 585
  • UPD: 16:14, 11.05.2018
Криштиану Роналду әйелдердің футболы туралы телехикаяның продюсері болады Football News

Мадридтің «Реал» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду әйелдердің футболы туралы телехикаялардың атқарушы продюсері болмақ, деп хабарлайды РИА «Новости».

Футбол туралы телехикая Нью-Йорк штатының мектеп оқушыларын бейнелейді. Сценарийді «Memphis Beat» (Memphis Beat) сериалының жазушылары Лиз Гарсия мен Джо Харто шығарады.

Роналдудың айтуынша, телехикаялардағы жұмыс оған баға жетпес тәжірибе болады.

«Бос уақытымда мен сапалы телешоуларды көремін. Мен үшін серияның атқарушы продюсері болу, дарынды адамдармен жұмыс жасау - бұл үлкен тәжірибе. Менің өмірім де осы сериалда баяндалады», – деді футболшы.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы