389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккейден әлем чемпионаты Астанада өтеді

  • 544
  • UPD: 23:02, 18.05.2018
Хоккейден әлем чемпионаты Астанада өтеді Фото: prosports.kz

Данияның Копенгаген қаласында IIHF Халықаралық хоккей федерациясының жылдық конгрессі басталды.

Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыстың қорытындысы бойынша 2019 жылы өтетін Бірінші дивизионның «А» тобының ойындарын Қазақстан мемлекетінде өткізу туралы шешім қабылданды.

Осылайша еліміз тұңғыш рет хоккейден ерлер арасында Әлем чемпионатын қабылдайды. Аталған жарыс Астанадағы «Барыс аренада», сәуірдің 29-ы мен мамырдың 5-і аралығында өтеді. Бұл турнирге Қазақстан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Венгрия, Словения және Литва командалары қатысады.

Хабар 24 телеарнасы