389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда классикалық регбиден Азия Кубогі сарапқа салынып жатыр

  • 460
  • UPD: 15:27, 19.05.2018
Алматыда классикалық регбиден Азия Кубогі сарапқа салынып жатыр

Бұған дейін елімізде әртүрлі деңгейдегі  халықаралық турнирлер ұйымдастырылып келген.

Ал ерлер арасындағы Азия чемпионаты Алматыда бірінші рет өтіп отыр. Пәкістан мен  Моңғолия  және Қырғызстан мен Қазақстан құрама командалары топтық кезеңде бақтарын сынайды.  Осы топта бірінші орын алған команда екінші дивизионға жолдама алады. Біздің жігіттер жартылай финалда Моңғолия құрамасын 55:6 есебімен жеңсе, Пәкістан құрамасы Қырғыздарға бас көтерткен жоқ. Есеп 82:0. Ертең Қазақстан мен Пәкістан регбишілері өзара бас жүлдені сарапқа салады. 2016 жылы «Регби-7» Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірген болатын. Бірақ қазіргі таңда әлем елдері көбінесе классикалық регбиге көңіл бөледі. Құрлықтың мықтыларымен бірге иық тірестіріп жүрген Қазақстан құрамасы да осы «Регби-15» тен  Еуропаның азулы командалармен қатарлассақ дейді.

Мұрат Уанбаев, ҚР регби федерациясының президенті:

- Біз міндетті түрде осы регби 15-ті дамыту керекпіз. Негізі  әлемде мысалы Франция , Англия және басқа да еуропалық мемлекеттер тек қана осы регби 15 –ті дамытып жатыр. Регби -7 болса жарыс алдында, олимпиада алдында  жиналатын ойыншылар.

Хабар 24 телеарнасы