382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ролан Гаррос: Диястың қарсыласы анықталды

  • 260
  • UPD: 19:42, 28.05.2018
Ролан Гаррос: Диястың қарсыласы анықталды

Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінде Зарина Диястың қарсыласы анықталды.

Осы турнирдің 21-ракеткасы болып тіркелген жапониялық Наоми Осака америкалық Софья Кенинді 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктіріп, екінші айналымға шықты.

Жиырма жасар Н.Осака биыл Индиан Уэллс (АҚШ) турнирінде Мария Шарапова, чехиялық Каролина Плишкова, әлемнің бірінші ракеткасы румыниялық Симона Халеп сияқты мықтыларды жолдан тайдырып, жеңімпаз атанған еді. Енді ол әлемнің 51-ракеткасы Зарина Дияспен кездесу өткізбекші.

Еске сала кетейік, жалпы «Ролан Гаррос» турнирі қазақстандықтар үшін сәтті басталды.

Хабар 24 телеарнасы