389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зиданның «Реалдан» не себепті кеткені белгілі болды

  • 703
  • UPD: 15:07, 01.06.2018
Зиданның «Реалдан» не себепті кеткені белгілі болды tass.ru

Испаниялық AS басылымы «Реал» клубының бас бапкері болған Зинедин Зиданның командадан не себепті кеткені туралы мақала жариялады, – деп хабарлайды «Чемпионат.com».

Басылым мәліметінше, француздық маман шабуылшы Криштиану Роналду мен Гарет Бэйлдің клубтан кеткеніне аландаған.

Сондай-ақ бас бапкер клуб президенті Флорентино Перестің өзімен ақылдаспай, команда сапына «Атлетикодағы» қақпашы Кепу Ариссабалагуды, «Бавария» сұрмергені Роберт Левандовскиді және «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Неймарды шақырмақшы болған. Ал Зидан клубтағы Кейлор Навас, Карим Бензема және Криштиану Роналдумен жұмысты жалғастыруды көздеп отырған.

Осыдан кейін Зидан клуб тарапынан көрсетілген қолдауға көңілі толмаған. Француздық маман клубтың тағдыры Чемпиондар лигасының нәтижесіне байланысты болатынын жақсы білген.

Еске салайық, 31 мамырда Зинедин Зидан «Реалдың» бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы