365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ аясында 3 команда кездеседі

  • 335
  • UPD: 10:38, 18.06.2018
ӘЧ аясында 3 команда кездеседі

Әлем чемпионаты аясында тағы 3 кездесу өтеді. Бірінші болып жасыл алаңға Швеция мен Оңтүістік Корея құрамалары шығады.

«F» тобындағы іріктеу матчы Ресейдің Нижний Новгород қаласында өтеді және Астана уақытымен 18:00-де басталады. Ал «G» тобындағы 4 команда Сочи мен Волгоград қалаларында өзара мықтыны анықтайды. Алғашқысында Панама құрамасы бельгиялық аяқдопшылармен жолықса, кейін Тунис пен Англия құрамалары кездеседі. Бұл ойындар Астана уақытымен сәйкесінше, 21:00 және 00:00-де басталады. Айта кетейік, бүгін футболдан әлем чемпионатының 5-жарыс күні. Байрақты бәсеке тура 1 айға созылып, 15 шілдеде аяқталады. Осы аралықта әлемнің үздік 32 құрамасы Ресейдің 11 қаласында сынға түседі.

Осы категория бойынша: « Бразилия мен Швейцария командалары тең тарқасты Бішкекте семсерлесуден Орталық Азияның алғашқы чемпионаты өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы