367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем біріншілігінде жеңісті голды соққан сербиялық футболшы сыйлыққа көлік алды

  • 257
  • UPD: 22:15, 18.06.2018
Әлем біріншілігінде жеңісті голды соққан сербиялық футболшы сыйлыққа көлік алды YouTube

Самара облысының уақытша губернатор қызметін атқарып жатқан Дмитрий Азаров Коста-Рика құрамасының қақпасына жеңісті голды соққан Сербия құрамасының қорғаушысы Александар Коларовқа Lada автокөлігінің сертификатын табыстады.

«Самаралық жанкүйерлермен ақылдаса келіп біз «Самара-Арена» стадионында бірінші голды соққан футболшыға көлік сыйлайтын болып шештік», – деді губернатор. 

Бұл стадионда әлем біріншілігінде бірінші болып Александр Коларов гол соғып, сыйлықтың иегері атанды. Ал Сербия құрамасының барлық футболшылары бұл сыйлықты қуана қабылдады, деп жазады kaz.vesti.kz. 

Еске салайық, Сербия құрамасы әлем біріншілігі топтық кезеңінің бірінші ойынында Коста-Рика құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы категория бойынша: « Швеция Оңтүстік Корея құрамасын пенальти арқылы ұтты ӘЧ-2018: Бельгия құрамасы Панаманы ойсырата жеңді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы