374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мессиге сенген жігіт миллионынан айырылды

  • 354
  • UPD: 18:51, 22.06.2018
Мессиге сенген жігіт миллионынан айырылды livesport.ru

Кеше әлем чемпионаты аясында Аргентина құрамасы Хорватия футболшыларынан 0:3 есебімен ойсырай ұтылып, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндіктерін сәл қиындатып алды.

Ал осы кездесу алдында отандық ақпарат құралдарында алматылық жанкүйердің «Месси гол соғып, Аргентина жеңіске жетеді» деген бәске 2,5 млн теңге тіккені хабарланған еді. Букмекерлік кеңселер аталған бәсті 2.78 коэффициентке бағалаған. Осылайша, алматылық азамат бірден 6,9 млн пайдаға кенелуді көздеген.

Алайда ойын нәтижесі басқаша болды. Матч аяқтала сала, әлеуметтік желіде оқырмандар бәс тіккен жігіттің жолы болмағанына өкініш білдірді.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Осы категория бойынша: « Футболшылар нөмірлі жейдемен қай уақыттан бастап шыға бастады? ӘЧ-2018: Бразилия Коста-Рика құрамасын ұтты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы