365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар 24» арнасының тілшісіне С.Бердіқұлов атындағы сыйлық табыс етілді

  • 379
  • UPD: 15:30, 30.06.2018

Арнамыздың тілшісі Лариса Гречихина еліміздің ең үздік спорт тілшісі атанды.

Әріптесімізге Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлық табыс етілді. Жалпы байқау мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Сондай-ақ, бүгін өзге де әріптестеріміздің еңбегі еленіп, БАҚ саласының дамуына қосқан үлесі бағаланды. Дәлірек айтқанда «Хабар 24» арнасының журналистері Амангелді Сейітхан мен Қанат Базылхан спорт және дене шынықтыру комитетінің алғыс хатына ие болды. Марапаттау рәсімі белгілі спорт журналисі, қоғам қайраткері, публицист Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған шағын футбол турнирі аясында өтті. 

Заңғар Бердіқұлов, С.Бердіқұловтың ұлы:

- Біз жылдан жылға қуанымыз осы турнирдің өткеніне. Әрі қарай турнир жалғаса берсін. Біз отбасымыздан рахмет айтамыз. 

Айта кетейік, турнирде биыл 19 команда бақ сынауда. Оған тек елордалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері емес, өңір-өңірден қатысушылар келді. 

Арай Есенбек, турнирге қатысушы:

- Жылына бір рет өтетін турнирді асыға күтеміз.

Осы категория бойынша: « Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар федерациясы кубогі үшін жарыс өтіп жатыр ӘЧ-2018: Франция Мессиді үйіне қайтарды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы