365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада велотректен жастар мен жасөспірімдер арасында чемпионат аяқталды

  • 303
  • UPD: 13:42, 06.08.2018
Астанада велотректен жастар мен жасөспірімдер арасында чемпионат аяқталды

Астанада велотректен жастар мен жасөспірімдер арасында ұлттық чемпионат аяқталды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 100-ден аса спортшы 1 апта бойы өзара мықтыны анықтады.

Оның ішінде жекелей, топтық және командалық сындар бар. Жалпы есепте астаналық велотрек шеберлеріне жетер ешкім болмады. Сонымен қатар Қарғанды мен Қызылордадан келген құрамалар да жақсы өнер көрсетіп, үздік үштіктен табылды. Ал теміртаулық Илья Карабутов 2 шақырымға жуық жекелей сында ел рекордын жаңартты. Сонымен осы жарыста топ жарғандар ел үздігі деген атақтан бөлек, алдағы әлем чемпионатында Қазақстан атынан сынға түсуге мүміндік алды. Дүниежүзілік дода 15-19 тамыз аралығында Швейцарияда өтеді.

Ақтолқын Әбдіжаппар, велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығының шәкірті:

- Әлем чемпионатына дайындық болып жатыр дәне қазірігі жарыс іріктеу болып есептеледі. Қаысып жатқаныма 5 жыл болды. Біздің ең басты мақсатымыз – көк туымызды жебіретін, Қазақстанды көтеру.

Осы категория бойынша: « Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтеді ЧЛ: «Астана» ФК «Динамоның» қарымын байқайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы