374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда «Ұлы дала рухының» іріктеу кезеңінде 160 спортшы бақтарын сынайды

  • 273
  • UPD: 19:37, 15.08.2018
Павлодарда «Ұлы дала рухының» іріктеу кезеңінде 160 спортшы бақтарын сынайды

Ертіс өңірінде «Ұлы дала рухы» атты ұлттық спорт түрлері бойынша фестивальдің шығыс аймақтағы іріктеу жарыстары басталды.

Қазақ күресі, көкпар, тоғызқұмалақ және асық атудан үздік атану үшін төрт облыстың 160 спортшысы бақтарын сынайды. Байрақты бәсекені өткізудегі мақсат – қазақ ұлттық спорт түрлерін дәріптеу. Сонымен қатар еліміздің солтүстік аймақтардағы ұлттық ойындардың аясын кеңейтіп, барынша дамыту. Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ұлы дала рухы» шарасы республиканың түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып келеді. Ақтық мәре елордада өтеді. Жарысқа 200-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Жеңімпаздар әлемдік деңгейдегі чемпионаттарға жолдама алады.

Нұркен Байбөриев, ҚР Спорт және мәдениет министрлігі Ұлттық ат спорты орталығының директоры:

- Әрине, бірінші біз резерв дайындаймыз. Ұлттық спорт түрлерінен әлемдік жарыстар көп өтуде. Азия чемпионаттары, әлем чемпионаттары көкпардан. Мінеки, тоғызқұмалақтан әлемдік чемпионаттар көп. Осы спортшыларды ұлттық құрамаға дайындаймыз.

Дархан Жоламанов, қазақ күресі бойынша облыстық федерацияның атқарушы директоры:

Жарыстың ерекшелігі бұл – командалық жарыс. Бұл жаңағы екі команда, екі облыстың командасы екі жағынан тұрады да, 50-60 келі салмақтанбастап 100-ге дейін және де 300-ден әрі қарай кете береді. Командалық жарыс.

Осы категория бойынша: « «Астана» енді Еуропа лигасының жолдамасына таласады Астанадағы «Қазақ батыры» чемпионатына 100-ден аса қатысушы келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы