365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азиада-2018: Дмитрий Баландин финалға өтті

  • 277
  • UPD: 10:47, 22.08.2018
Азиада-2018: Дмитрий Баландин финалға өтті Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин брасс әдісімен 100 метрге жүзуде Азия ойындарының финалына өтті.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

Баландин мәреге екінші болып келді. Оның көрсеткіші – 1.00.07. Бірінші орында біздің спортшыдан сәл ғана озып кеткен қытайлық спортшы тұр.

Дмитрий Баландин жарақатына байланысты 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысына қатыспайды. Дәл осы қашықтықта Баландин Рио Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.

Ал осы қашықтықта сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Әлібек Қамзенов 14-ші нәтиже көрсетіп, финалға өткен жоқ.

Осы категория бойынша: « Азиада-2018: Қазақстан спортшылары алты медаль жеңіп алды Азиада-2018: Қазақстандық спортшылардың 22 тамызға арналған жарыс кестесі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы