365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналық «Барысқа» жаңа капитан тағайындалды

  • 140
  • UPD: 08:00, 05.09.2018
Астаналық «Барысқа» жаңа капитан тағайындалды Барыс ХҚ

Астананың «Барыс» хоккей клубы өзінің Youtube арнасында жаңа капитандары таныстырылған видеоны жариялады.

«Барыстың» жаңа капитаны Брэндон Боченски болды. 36 жастағы форвард аталмыш клубты 2014/15, 2015/16 және 2016/17 маусымдарда басқарған болатын. Сондай-ақ бұған дейін «Барысқа» Кевин Даллмэн (2008/09, 2009/10, 2010/11, 2011/12), Дмитрий Уппер (2012/13, 2013/14) және Найджел Доус (2017/18) басшылық еткен еді. Боченски «Барыс» үшін 2010-2017 жылдар аралығында ойнаған болатын. Бір жылдық демалыстан кейін астаналық клубқа қайта оралды. 2015 жылдан бастап Брэндон Қазақстанның ұлттық құрамасы үшін ойнайды. Жаңа  11-ойын маусымында «Барыс» клубы 5 қыркүйек күні Нижнекамскіде «Нефтехимикпен» кездеседі. Ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

inform.kz

Осы категория бойынша: « Футбол: Қазақстан әйелдер құрамасы ағылшындардан ірі есеппен жеңілді Головкин өзін «есек» деген Альварестің бапкеріне жауап берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы