370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Неймар жаттығу кезінде Роналдудың әрекетін қайталады

  • 184
  • UPD: 14:13, 06.09.2018
Неймар жаттығу кезінде Роналдудың әрекетін қайталады YouTube

Неймар қазіргі уақытта Бразилия құрамасымен бірге АҚШ және Сальвадор футболшыларымен өтетін жолдастық кездесуге дайындалып жатыр.

Бразилия құрамасының әрі француздық «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Неймар португалиялық сұрмерген Криштиану Роналдуды салды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұлттық құраманың жаттығуы кезінде Неймар айып добын орындау кезінде қақпаның дәл бұрышынан кіргізді. Осыдан кейін бразилиялық футболшы қуанышын Роналдудың стилінде тойлады – секірген сәтте басын солға қаратып, түскен сәтте аяғын алшақ ұстап, қолдарын екі жанына жайды.

Неймар қазіргі уақытта Бразилия құрамасымен бірге АҚШ және Сальвадор футболшыларымен өтетін жолдастық кездесуге дайындалып жатыр.

Роналду болса ұлттық құрамадан шақырту алған жоқ. Аяқ добының шебері «Ювентус» сапында жаттығып жатыр. Ол биыл жазда мадридтік «Реалдан» италиялық клубқа ауысқан еді. Туриндік клуб сапында үш ойын өткізіп үлгерген Роналду, әлі бірде-бір гол салған жоқ.

Осы категория бойынша: « Майк Тайсонды жеңген боксшы Головкин-Альварес кездесуіне болжам жасады #АЛҒАҚАЗАҚСТАН. Желіде Қазақстан құрамасын қолдау флешмобы басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы