374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада 40-тан астам отбасы дуатлонда бағын сынады

  • 160
  • UPD: 17:55, 08.09.2018

Астанада дәстүрлі отбасылық дуатлоннан жарыс өтті.

Осыдан 3 жыл бұрын бастау алған жоба сәтті жалғасын тауып, қазір ауқымды бәсекеге айналған. Биылғы шараға 40-тан астам отбасы қатысты. Олар жүгіру және веложарыс бойынша сынға түсті. Кейін әкесі, анасы және баласының ортақ көрсеткіші бойынша жеңімпаздар анықталды. Ұйымдастырушылар: «бұл жарысты Астананың 20 жылдығына арнадық», – дейді. 

Азамат Имашев, Астана әкімдігі Спорттық-бұқаралық шаралар өткізу дирекциясының директоры:

- «Дені сау отбасы – дені сау ұлт» демекші, бұл жоба барлық отбасы мүшелерін спортқа тартады. Бұл жарысқа кәдімгідей дайындалып келеді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, жарыс өте қызықты өтіп жатыр.

Осы категория бойынша: « US Open: Рафаэль Надаль финалға шыға алмады «Хабар» – шағын футбол турнирінің жеңімпазы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы