367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

14 жастағы спортшының есімі мәнерлеп сырғанаудың тарихына кірді (бейне)

  • 179
  • UPD: 09:35, 09.09.2018
ISU Junior Grand Prix

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Александра Трусова әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау жарысында тарихта бірінші болып төрт реттік лутц жасады.

Спортшының өнер көрсеткен сәтінің видеосы Youtube желісіндегі ISU Junior Grand Prix каналында жарияланды.

Төрешілер ерікті бағдарлама кезінде Трусованың орындауына техникалық элементтерге байланысты төмен баға бергісі келсе де, спортшы қыз 146,7 балл жинады. Нәтижесінде 14 жастағы Трусова Каунаста өткен жарыста жеңімпаз атанды.

Ресейлік спортшы 6 қыркүйекте өткен қысқа бағдарламада 74,74 балл алған. Бұл – әлемдік рекорд. Трусова – Этери Тутберидзенің шәкірті. Оған бұдан өзге де тарихи жетістіктер тиесілі. Ол әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанауда бірінші болып төрт реттік секірудің өзге түрлерін орындаған – сальхов және тулуп.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « Головкин Альвареспен екінші кездесуге 7 күн қалғанда WBC үшін салмағын өлшеді Бокс жұлдыздары Головкин мен Альварестің реваншына болжам жасады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы