369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

  • 236
  • UPD: 12:22, 13.09.2018
Күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді vesti.kz

Күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтетін болды. Боз кілемдегі балуандар бәсекесі келер жылдың 14-22 қыркүйегі аралығында өтеді.

Елордада өтетін әлем чемпионатының балуандар үшін маңызы жоғары. Жүлде ғана емес, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама беріледі. Бұл жолдамаларға олимпиадалық салмақ дәрежелерінде 1-ден 6-ға дейінгі орындардан көрінген балуандар ие болады.

Әлем чемпионатынан кейін де лицензиялық жарыстар өтеді. Астанада жолдамаға қол жеткізе алмаған балуандар сол жарыстарда бағын сынайды.

Айта кетейік, күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Астана, Алматы және Ыстамбұл (Түркия) қалалары үміткер болған еді.

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты елімізде алғаш рет өтеді. Ал қазақ балуандары бұл бәсекеге 1993 жылдан бері қатысып келеді, деп жазады Vesti.kz.

Осы категория бойынша: « «Канело» Головкиннің көзіне тік қарай алмады Головкиннің «Канеломен» қарымта алдында Назарбаевпен кездескен видеосы жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы