369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «Аман келешек» мәдени-спорттық фестивалі өтті

  • 290
  • UPD: 22:34, 15.09.2018

Достарыңмен бірге шеберлік сабақтарына қатысып, жаңа әрі қызықты дүниелерді үйрену.

Елімізге танымал суретші, өнертапқыш, әртіс және спорт шеберлерімен бетпе-бет жүздесіп, сұхбаттасу.

Алматы облысында өткен «Аман келешек» атты мәдени спорттық фестивальде балаларға осындай мүмкіндіктер ұсынылды. Шараны ұйымдастыруға тұңғыш Президенті қоры мұрындық болған.

Салауатты өмір салтын насихаттап, шығармашылыққа шақыратын шараның ашылу сәті де ерекше болды. Республикамыздың 15 өңірінен келген инклюзивті мектеп оқушылары сүйікті актерлерімен жүздесіп, спортшы аға-әпкелерімен сұхбаттасуға мүмкіндік алды.

Игорь Рогов, ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары:

- Бүгін біз 5 жылдық мерейтойымызды атап өтіп жатырмыз. Бұл фестиваль бес жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қор биылғы шараны тұңғыш Президентіміздің туып өскен жерінде өткізуді ұйғарды. Шараға республикамыздың 15 өңірінен  2,5 мыңнан аса бала жиналды. Фестиваль мақсаты - балалардың бір-бірімен жүздесуіне мүмкіндік жасау. Оларды сүйікті  спортшыларымен кездестіріп, отансүйгіштік рух тәрбиелеу. Бүгін Ольга Шишигинаны, Ибрагимовты, белді артистер мен спортшыларды шақырдық.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, біздің қоғам мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ашық, қай кезде де қол үшін беруге және олармен тең дәреже араласуға дайын.

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Алты жыл бұрын БҰҰ  инвалидтердің құқықтарын  қорғау конвенциясына қосылып қолымызды қойдық. Сондықтан да сол кезден бастап  осы тұңғыш президентіміздің елбасының қоры осындай үлкен қажетті және  жүректі акцияны өткізіп жатыр. Балалардың бір біріне деген достық  көмек бір біріне  деген махаббат сезім  көрсету.

Денсаулық пен шығармашылыққа бағытталған мерекеге балалардың қызығушылық танытқаны соншалық, олар алаңда ұйымдастырылған шеберлік сабағының бәрінен тыс қалмай белсенді болуға тырысты.

Ләйлә Тосқанбаева, оқушы:

- Осы демалыс алаңында маған қызықты болып жатыр. Мастер кластар неше түрлі. Және адамдардың өмір сүруіне арғы қарай  жылжуына болашақ келешекке арналған жақсы мастер кластар.

Айым Асхатқызы, оқушы:

- Бұл жерде өте керемет іс шара өтіп жатыр. алғысым шексіз. Және де өте керемет мастер класс өткізіп жатыр.  суреттерді қалай салу керек екенін оның техникасын. Қазіргі заманның суреттерін қалай салу керек екендігін көрсетті. Бұл жақты неше түрлі басқа да мастеркластар болып жатыр. бәріне қатысып, рахметімді айтқым келеді.

Биылғы фестиваль былтырғыдан өзгеше. Тау бөктерінде, таза ауада өткен шара әр қатысушыға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Авторлары: Индира Оразалинова, Радик Жакупов

Осы категория бойынша: « Дияс WTA турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады Головкин T-Mobile аренасына келді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы