366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа лигасы. «Динамо» – «Астана»: 2:2

  • 170
  • UPD: 09:37, 21.09.2018
Еуропа лигасы. «Динамо» – «Астана»: 2:2

Киветің «Динамосын» баптайтын Александр Хацкевич матч соңынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, бұл командадан әзірше кетпеймін деп мәлімдеді.

Әлгі сөз жергілікті жанкүйерлерді жүдетіп тастады. Ал «Астана» командасының ұпайы түгел. Киевте жергілікті динамошылармен тең түсіп, абырой жинады. Есеп 2-2. Жергілікті ойыншы Виктор Цыганков есеп ашқанда Григоргий Бабян шәкірттері сәл сылбыр тартқан. Артынша Марин Аничич таразы басын теңестірді. Рас, қақпашы Эричтің қателігін ұтымды пайдаланған Денис Гармаш «Динамоны» қайта алға шығарған еді. Алайда үзілістен кейін Хацкевич шәкірттерінің ойын үлгісі жергілікті жұрттың көңіліне кірбің ұялатты. Матч аяқталар тұста Роман Мұртазаев мергендік танытты.

Григорий Бабаян, «Астана» ФК бас бапкері міндетін атқарушы:

- Екінші таймда есеп ұнамады, сондықтан алға ұмтылып, барынша ашылып ойнауға бел будық. Әлбетте, бірқатар шабуылды жіберіп алдық, «Динамо» ойыншыларының гол салып жіберетін қауіпті сәттері де көп болды. Қуанышымызға орай, ойыншыларымыз бір-бірін ұтымды ауыстырып, мінездерін көрсете білді. Лайық ұпайымызды алдық деп ойлаймын.

Асқар Хамиден, «Астана» ФК баспасөз хатшысы:

- Жігіттер екінші таймда жинақталып, барынша сәтті өнер көрсетті деуге болады. «Астана» командасы бұған дейін де талай матчта соңғы минуттарда есепті теңестіріп, тіптен жеңіс голын салып жіберген сәттер көп. Сондықтан біз өзімізге қажетті, осы ойын алдындағы айтқан жоспарымызды толық орындадық. 2:2 біз үшін өте қанағаттанарлық нәтиже. Сондықтан команда сырт алаңдағы бір ұпайға қанағат тұтады, өте жақсы нәтиже.

Хабар 24 телеарнасы