360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау жастары Жолдаудың басымдықтарын қолдайды

  • 130
  • UPD: 14:10, 07.10.2018
Маңғыстау жастары Жолдаудың басымдықтарын қолдайды

Әкімдік тарапынан қолдау болса, Ақтауда бірнеше спорт алаңын тұрғызуға дайынбыз.

Бұл маңғыстаулық белсенді жастар қозғалысының көшбасшысы Самсон Аракелянның пікірі. Жолдауда айтылған Елбасының тапсырмасын орындауға шалғай өңірдің спортсүйер жас буын өкілдері тізе қосып жұмылуға әзір. Олардың бастамасымен 2011 жылы теңіз жағасында көпсалалы спорт алаңы бой көтерді. Қазір мұнда республикалық деңгейдегі жарыстар өтіп жүр. Әсіресе, жаз айлары жас баскетболшылардың жаттығуы осы орында тәулік бойы жүреді. Бұдан шыққан нәтиже жоқ емес. Бүгінде үш бірдей маңғыстаулық спортшы баскетболдан Қазақстан құрамасы сапында ойнап жүр.

Самсон Аракелян, белсенді жастар қозғалысының көшбасшысы:

- Қолжетімді бұқаралық спорт түрлерін дамытуға резервтер табу жөніндегі Елбасы тапсырмасы Маңғыстау жастарын қуантып тастады. Қолдау болса облыс аумағында бірнеше спорт алаңдарын тұрғызып, жастарды спортқа баулуға дайынбыз. Осы спорт алаңын былтыр жөндеуден өткіздік. Енді көше баскетболы, 3х3 форматындағы шағын футболдан жарыс тұрақты өтіп келеді. Осы күнге дейін 6 мыңнан астам жеткіншек осы жерде жаттығу өткізді.

Хабар 24 телеарнасы