382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз бойынша 7 мыңға жуық адам каратэмен айналысады

  • 458
Еліміз бойынша 7 мыңға жуық адам каратэмен айналысады

Астанада «Менің алғашқы татамиым» атауымен каратэге жақында ғана келгендер арасында чемпионат өтті.

Яғни жарысқа тек ақ белдікті киокушин шеберлері қатысты. Бас-аяғы 300-ден аса спортшы бірнеше жас және салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы бұл жарысты дәстүрлі өткізіп келеді. Соның арқасында шығыс жекпе-жегі бұқаралық сипат алып, қазір еліміз бойынша 7 мыңға жуық адам айналысады. Астананың өзінде биыл жаңадан мыңнан аса бала каратэ секциясына қабылданды.

Азамат Имашев, жарыстың бас төрешісі:

– Бүгінгі жарысқа қатысушылар көп болғандықтан, екіге бөліп өткізіп жатырмыз. Бұл балалар – әр клубтан іріктеліп, тәжірибе жинаған балалар.

Хабар 24 телеарнасы