389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада БАҚ өкілдері арасында футболдан «Нұрорда» кубогі басталды

  • 921
  • UPD: 13:33, 05.01.2019

Нұрорда кубогі. Дәл осындай атаумен Астанада БАҚ өкілдері арасында турнир басталды.

12 команда 4 күн бойы бас жүлдені сарапқа салады. Жарыс жеңімпаздары Өзбекстан еліндегі тарихи мұралармен танысуға мүмкіндік алады. Ұйымдастырушылар болса, футбол турнирін алдағы жылдары дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Ашылу салтанатынан кейін алаңға «Хабар 24» пен «Қазақстан» арналарының командалары шыққан болатын. Кездесу алғашқысының жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп: 4:3.

Дархан Өте, «Білім-орда» Халықаралық қоғамдық қорының президенті:

- Бірінші орын алған команданы Өзбекстанға, өзіміздің ата-бабаларыыз жатқан жерлерге апарамыз. Оның ішінде Төле би, Жалаңтөс батыр жатқан жерлер бар.

Хабар 24 телеарнасы