377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Юлия Путинцева бүгін Сиднейде Дарья Гавриловамен ойнайды

  • 360
  • UPD: 14:18, 07.01.2019
Юлия Путинцева бүгін Сиднейде Дарья Гавриловамен ойнайды Sports.kz

Теннисші қыз-жігіттер үшін жарыс маусымы басталып кетті. Әлемнің айтулы спортшылары Австралияға жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында Қазақстандық Юлия Путинцева да бар. Ол бүгін Сиднейде корт иесі Дарья Гавриловамен ойнайды. Жасыл құрлықта биылғы жылдың алғашқы «Үлкен шлем» турнирі өтеді. Сондықтан мықтылардың бір тобы Австралия корттарында шеберліктерін шыңдап, демалыстан кейінгі деңгейлерін байқап көреді. Ерлер арасындағы кезекті сайыс Брисбен қаласында аяқталды. Ұтыс қоры 589 мың долларды құрайтын жарыстың финалында жапониялық Кей Нисикори ресейлік Даниил Медведевтің осал тұсын тапты. Қорытынды есеп: 6:4, 3:6, 6:2. Күншығыс елінің теннисшісі 2016 жылдан кейін алғашқы жүлдесіне қол жеткізіп, спорттық ғұмырындағы 12-ші атағын иеленді.

Хабар 24 телеарнасы