388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы есепте алға шықты

  • 802
  • UPD: 23:24, 01.02.2019
Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы есепте алға шықты

Қазақстан ұлттық құрамасы теннистен өткен жарыста португалдықтардан басым түсті, деп жазады «Хабар 24».

Бүгін Астанада Дэвис кубогының бірінші раунды басталды. Алғашқы жеңісті Александр Бубликтің командасы алып келді. Бұл 21 жастағы спортшының осы турнирдегі дебюты болатын. Ол өзінің 39 жастағы қарсыласын 6:7, 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Михаил Кукушкин де жанкүйерлерін қуантып, жеңіс сыйлады. Ол Педро Соузуды 6:2, 6:0 есебімен жеңді. 

Александр Бублик, тенистен Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Қарсыласыммен тең ойын көрсеттім. Басында жолым болмады. Сөйтіп алғашқы ұпай қарсыласымда кетті. Бірақ мен бар күшімді жинап, тактикамды дұрыс қолдануға тырыстым. Бірінші таймда оң нәтиже көрсеткеннен кейін көңілім орнына түсті. Шынымды айтсам, қатты қобалжыдым. Осынша көрермен жиналады деп ойламадым.

Хабар 24 телеарнасы