389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімxанұлы америкалық «Хитмэнді» нокаутпен жеңді

  • 843
  • UPD: 10:23, 03.02.2019
Жәнібек Әлімxанұлы америкалық «Хитмэнді» нокаутпен жеңді

Кәсіпқой боксшымыз Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізді. Осы жолы ол «Хитмэн» лақап атымен танымал америкалық Стивен Мартинеспен (18-4, 13 КО) жұдырықтасты, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші раунда екі боксшы бір-бірін зерттеп жүрді. Кейіннен Жәнібек шаршы алаң тізгінін қолына алды, үшінші раундта өз қарсыласын нокдаунға түсірді. Шаршы алаңға өзі ие болып, жойқын шабуылдарын шебер жасай білді. Қарсыласы бұрышқа тірелгенде қазақстандық боксшы бірден артқа шегініп, оны рингтің ортасына таза боксты көрсетуге шақырды. Сол үшін жанкүйерлердің ризашылығына ие болды. Ал бесінші раундта «Хитмэн» қазақ боксшысының сериялы соққыларынан қатты есеңгіреп қалды. Төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, Жәнібек Әлімxанұлы кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы