378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

И.Бозбаев Париждегі «Үлкен дулыға» турнирінде күміс медаль жеңіп алды

  • 325
  • UPD: 16:55, 11.02.2019
И.Бозбаев Париждегі «Үлкен дулыға» турнирінде күміс медаль жеңіп алды

Дзюдодан Парижде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Ислам Бозбаев күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

90 келіде сынға түскен Бозбаев іріктеу айналымында Германия және Молдова спортшыларын жеңді. Кейін өз тобындағы шешуші белдесуде жапониялық Мукаи Шоичиродан басым түсті.

Жартылай финалдық бәсекеде Бозбаевқа израильдік Ли Кочман айла көрсете алған жоқ. Өкінішке қарай, финалдық белдесуде Ислам Оңтүстік Корея балуаны Дон Хан Гвактан «иппон» әдісімен ұтылып қалды.

Сондай-ақ бүгін 81 келіде белдескен Руслан Мұсаев Grand Slam бәсекесін 5-орынмен аяқтады. Ол қола медаль үшін күресте ресейлік Алан Хубецовтан бір ұпай айырмашылығымен жеңілді.

Еске сала кетейік, бұл Русланның ұлттық құрама сапындағы алғашқы ірі жарыстарының бірі.

Париждегі Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күнінде 60 келідегі Елдос Сметов күміс, 48 келідегі Галбадрах Отгонцэцэг қола жүлдегер атанғанын айта кеткен жөн.

Хабар 24 телеарнасы