378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейбіт Шүменов чемпиондық белбеуін Қазақстанда қорғауы мүмкін

  • 270
  • UPD: 12:27, 14.02.2019
Бейбіт Шүменов чемпиондық белбеуін Қазақстанда қорғауы мүмкін vesti.kz

Алғашқы орта салмақта WBA «қарапайым» белбеуінің иегері Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) чемпиондығын Қазақстанда қорғауы мүмкін, - деп хабарлайды BoxingScene.

Геннадий Головкиннің бапкері жаттықтыратын WBA «уақытша» чемпионы франциялық Арсен Гуламирянмен (24-0, 16 КО) жекпе-жектің саудасын қазақстандықтың промоутері ұтып алды. Бұл жекпе-жекті өткізуге түрлі уақыт пен орын ұсынылып отыр: 15 сәуір Монте-Карло, Монако; 30 сәуір Астана және 13 мамыр Нью-Йорк. Еске салайық, соңғы мерзім көрсетілген келісімшарттар WBA ұйымына 14 күн ішінде тапсырылуы тиіс. BoxingScene мәліметінше, боксшыларға берілетін гонорар соммасы қазақстандықтың пайдасына 55-те 45 болады. Осылайша, Шүменов белбеуін қорғауға 451 550 доллар, ал Гуламирян - 369 450 доллар алатын болады.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы