378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» «Авангардтан» жеңілді, бірақ Чернышев дивизионында топ жарды

  • 259
  • UPD: 20:38, 16.02.2019
«Барыс» «Авангардтан» жеңілді, бірақ Чернышев дивизионында топ жарды

Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астананың «Барысы» өз айдынында Омбының «Авангард» клубына есе жіберді – 1:2. 

Алғашқы кезеңде Виктор Сведбергтің мергендігінің арқасында есепте алға шыққан «Барыс» үшінші кезеңде басымдықты ұстап қала алмады. Көзге түскен – Никита Пивцакин. Овертаймда Андре Петерссон соққан гол жоққа шығарылып, буллит сериясында қонақтар жеңіске жетті. Соған қарамастан «Барыс» Чернышев дивизонында топ жарды.
18 ақпанда астаналықтар Владивостокта «Адмиралмен» кездеседі.

ҚХЛ: «Барыс» (Астана, Қазақстан) – «Авангард» (Омбы, Ресей) 1:2 Б (1:0, 0:0, 0:1, 0:0, 0:1).

Шайбалар:

1:0 – 11:37 Сведберг (Петерссон, Бойд).
1:1 – 48:19 Пивцакин (Бек, Стольберг).
1:2 – 65:00 Широков. Буллит

«Барыс»: Карлссон – Семёнов, Блэкер, Полохов, Диц, Липин, Сведберг, Орехов, Маклюков – Михайлис, Петухов, Акользин, Панюков, Боченски, Кормье, Петерссон, Бойд, Старченко, Сагадеев, Шевченко, Асетов;

«Авангард»: Бобков – Франсон, Бондарев, Покка, Чудинов, Медведев, Пивцакин – Манукян, Деарне, Зернов, Кошелев, Стась, Галимов, Стольберг, Широков, Бек, Михеев, Шумаков, Яремчук, Петров, Семёнов.

Ақпарат көзі: sports.kz

Хабар 24 телеарнасы