Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Странджа-2019»: жартылай финалға өткен қазақстандық боксшылар

  • 359
  • UPD: 15:28, 18.02.2019
«Странджа-2019»: жартылай финалға өткен қазақстандық боксшылар lenta.inform.kz

Болгарияда өтіп жатқаны «Странджа-2019» халықаралық жарысының жартылай финалына Қазақстан құрамасының бес  боксшысы өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалда бокстан ұлттық команданың капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жарыстан шығып қалды. 

Ширек финалда әлемнің вице-чемпионы ринг қожайыны – болгариялық Петар Белберовтен төрешілердің бөлек шешімімен жеңілді. Мұның алдында Анвар Музаппаров (52 келіге дейін), Қайрат Ералиев (56 келіге дейін), Ерік Әлжанов (75 келіге дейін) және Бек Нұрмағанбет (81 келіге дейін) жарыстан шыққан еді.

Өзге бес боксшымыз жүлдеге ілініп отыр: Қазақстан құрамасы жартылай финалға өткен боксшылар саны бойынша Ресеймен бірге бірінші орында.

Ширек финал қорытындылары және қазақстандықтар жұдырықтасатын жартылай финалдық жұптар:

49 келіге дейін – ширек финал

Теміртас Жүсіпов – Эргунал Сабри (Болгария) – 5:0

Жартылай финал:

Теміртас Жүсіпов – Леандо Хосе Блан (Аргентина)

60 келіге дейін – ширек финал

Закир Сафиуллин – Отар Эраносян (Грузия) – 4:1

Жартылай финал:

Закир Сафиуллин – Шункор Абдурасулов (Өзбекстан)

64 келіге дейін – ширек финал

Санатәлі Төлтаев - Шензи Ки (Китай) – 5:0

Жартылай финал:

Санатәлі Төлтаев – Вандерсон Оливейра (Бразилия)

69 келіге дейін – ширек финал

Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) – Шахабас Махмудов (Ресей) – 4:1

Жартылай финал:

Абылайхан Жүсіпов – Евгений Барабанов (Украина)

91 келіге дейін – ширек финал

Василий Левит – Джаред Андерсон – 4:1

Жартылай финал:

Василий Левит – Абнер Джуниор (Бразилия)

91 келіден жоғары – ширек финал

Қамшыбек Қоңқабаев – Петар Белберов (Болгария) – 2:3

Еске салайық, Қазақстанның ең мықты боксшылары қатысқан «Странджа-2019» халықаралық турнирі Софияда өтіп жатыр. Бұл жарыс – Тайландта өтетін Азия чемпионатына дайындық кезеңі.

Хабар 24 телеарнасы