378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Садриддин Ахмедов Қазақстан туризмінің елшісі атанды

  • 285
  • UPD: 16:17, 25.02.2019
Садриддин Ахмедов Қазақстан туризмінің елшісі атанды

Ендігі уақытта танымал боксшы отандық туризмнің дамуына өз үлесін қосатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елші атағын берген арнайы сертификатты «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы АҚ-ның басқарма төрағасы Рашид Күзембаев табыс етті.

«Қазақстанның туризм елшілері бағдарламасын біз өткен жылы бастаған болатынбыз. Ондағы мақсат – елімізге және шетелге танымал тұлғалар арқылы отандық туризмді насихаттау мен оның дамуына үлес қосу. Биыл жастар жылына орай біз елшілер қатарын жас боксшы, еліміздің туын дүниежүзіне абыроймен көтеріп жүрген Садриддин Ахмедовпен толықтыруды жөн көрдік. Сондай-ақ елшілік сертификатын табыс ету рәсімін арнайы Beibarys демалыс базасында өткізуіміз кездейсоқ емес. Себебі, бұл жерде демалыстан бөлек, спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған», – деді ол.

Ұлттық компания басшысының айтуынша, үстіміздегі жылы елшілердің қатысуымен ішкі туризмді ілгерілетуге арналған бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар.

«Мен үшін бұл күтпеген жаңалық және үлкен жауапкершілік. Ендігі уақытта мен спортпен қатар еліміздің туризм саласының одан әрі дамып, жақсаруына жауаптымын. Боксшы ретіндегі басты мақсатым – көк туымызды биік ұстап жүру болса, елші ретіндегі мақсатым – Қазақстан туризмін дамытуға сәл де болса өз үлесімді қосу», – деді Садриддин Ахмедов.

Хабар 24 телеарнасы