378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрислам Санаев Болгариядағы турнирдің жеңімпазы атанды

  • 295
  • UPD: 14:04, 02.03.2019
Нұрислам Санаев Болгариядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Болгарияда күрес түрлерінен рейтингілік халықаралық турнир «Дан Колов – Нилола Петров» турнирі жалғасуда.

Кезекті жарыс күнінде біздің балуандар төрт медаль иеленді, деп жазады Olympic.kz. 

Еркін күрестен 61 келіде сынға түскен Нұрислам Санаев финалда үнділік Сандип Томарды 10:0 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. 

Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Қорлан Жақанша күміс медаль иеленді. Ол ақтық белдесуде ресейлік Виталий Кабалоевке есе жіберген. 

Әйелдер күресінен 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Марина Седнева турнирдің күміс, Жұлдыз Ешімова қола медаль иеленді.

Хабар 24 телеарнасы