375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

IBU мәлімдемесі: Спорттық арбитражды сот (CAS) Галина Вишневскаяға қатысты шешім қабылдады

  • 173
IBU мәлімдемесі: Спорттық арбитражды сот (CAS) Галина Вишневскаяға қатысты шешім қабылдады

Спорттық арбитражды сот (CAS) қазақстандық биатлоншы Галина Вишневскаяның аппеляциялық шағымын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) ресми сайты хабарлайды. CAS шешіміне сәйкес, Халықаралық биатлоншылар одағы Вишневскаяны IBU асында өткізілетін жарыстарға жіберуге міндетті. Қазақстандық биатлоншы енді барлық ресми жарыстарға қатыса алады. 

2018 жылдың қарашасында Галина Вишневская Қазақстан құрамасының өзге сегіз мүшесімен бірге жарыстардан уақытша шеттетілген болатын. Алдын ала шешім Италия мен Австрияда өткен қылмыстық зерттеулерге негізделген. CAS әзірге өз шешімін толығымен түсіндірген жоқ. 

Ал тағы бір отандық биатлоншы Дарья Климинаның шағымын CAS қанағаттандырған жоқ.

Ақпарат көзі: olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы