378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияр Елеусінов тәжірибелі мексикалықтан басым түсті

  • 139
  • UPD: 13:05, 16.03.2019
Данияр Елеусінов тәжірибелі мексикалықтан басым түсті vesti.kz

Филадельфияда өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Данияр Елеусінов алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Қазақ елінің өкілі бұл жолы Мексика боксшысы Сильверио Ортисті ұтты. Белгіленген сегіз раундта қарсыласынан оқ бойы озық болған Данияр Сильверионы әбден сабады. Дегенмен есеңгеріп қалған кезі де болды. Жекпе-жек барысын бақылаған қазылар жеңіске Елеусінов лайықты деп шешті.

Хабар 24 телеарнасы