379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қазақ күресі қарқынды дамып келеді

  • 165
ШҚО-да қазақ күресі қарқынды дамып келеді

Соңғы жылдары еліміздің шығысында қазақ күресі ерекше қарқын алып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы өңірдің балуандары жауырыны жерге тимей, республикалық сайыстарда топ жарып жүр. Елімізге аты мәшһүр Шалқар Жоламанов, Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсыновтардың жеңісті жолын жалғаймын деген жас спортшылар да көбейіп келеді. Өткен жылы Айбектей азаматтар туған жерлеріне спорт кешенін салып беріп, көпке үлгі боларлық бастама көтерді. Қазір Абай ауданының Құндызды ауылында 100-ге жуық бала күреспен шұғылданып жүр. Биыл бірнеше шалғай аудандарда да қосымша үйірмелер ашу көзделіп отыр.

Азат Сарпеков, облыстық қазақ күресі федерациясының вице-президенті:

– Шығыс Қазақстан облысында қазақ күресі қарқынды дамып келе жатыр. 4 жыл қатарынан республикалық деңгейде «Колледж барысы» республикалық сайыстарын жүргізудеміз.

Хабар 24 телеарнасы