379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың триатлон саябағында жалпыға бірдей дене жаттығуы өтеді

  • 88
  • UPD: 08:08, 05.04.2019
Елорданың триатлон саябағында жалпыға бірдей дене жаттығуы өтеді

Жетінші сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Осыған орай бүгін елордадағы номері оныншы мектеп-гимназияда және триатлон саябағында «Жалпыға бірдей денсаулық» ұранымен дене жаттығуы өткізіледі.

Спорттық шара таңғы сағат тоғыз бен онның аралығында басталмақ. Мемлекеттік қызметкерлер мен мұғалім, оқушылар бір мезетте жаппай жаттығу жасайды.

Зәуре Ахметова, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары:

- Соңғы 10 жылда қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұлғайды. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 20%-ке, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім 2,5 есеге, қатерлі ісіктерден болатын өлім 28%-ке төмендеді. Қазақстандықтардың орташа жасы шамамен 73-ті құрайды. Жалпы қант диабеті, қатерлі ісік және жүрек аурулары сияқты инфекциялық емес аурулар дүние жүзіндегі барлық өлім-жітімнің 70%-дан астамын құрайды. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өту дәстүрі барлық денсаулық сақтау жүйесінің қызметімен, қауіпті аурулардың алдын алумен тығыз байланысты.

Хабар 24 телеарнасы