Суперауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко (7-0, 7 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді.
Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.
Қазақстандық боксшы 10 мамырда Голливудтағы (Флорида шт., АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel and Casino кешенінде жұдырықтасады. Жекпе-жек 8 раундқа есептелген. Қарсыласының есімі белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде Дычко америкалық боксшы Морис Харристы (26-22-3, 11 КО) нокаутқа түсірген болатын.