378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Федерация кубогы: Қазақстан теннисшілері Ұлыбританияға есе жіберді

  • 249
Федерация кубогы: Қазақстан теннисшілері Ұлыбританияға есе жіберді prosports.kz

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Федерация кубогының әлемдік тобына шыға алмады.

Лондонда Ұлыбритания командасымен кездескен жерлестеріміз жалпы есепте 1:3 нәтижесімен корт иелеріне есе жіберді. Жекелей сындағы алғашқы жарыс күні Зарина Диас Йоханна Контадан ұтылып қалса, Юлия Путинцева Кети Болтерден басым түсті. Шешуші ойында қазақстандық теннисшілер шаршап қалды. Юлия Путинцева мен Йоханна Конта арасындағы кездесу 6:4, 2:6, 5:7 есебімен ағылшын қызының пайдасына аяқталды. Зарина Диас пен Кети Болтер ойыны да үш партияға созылды. Жерлесіміз кездесуді ширақ бастап, алғашқы сетте басымдық байқатқан. Бірақ корт иесі қалған екі партияда жеңіске жетіп, командасына әлемдік топтың жолдамасын сыйлады. 

Хабар 24 телеарнасы