378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Канело» Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты

  • 150
  • UPD: 11:48, 06.05.2019
«Канело» Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты prosports.kz

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF чемпионы Сауль «Канело» Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегін қыркүйекте өткізуі мүмкін.

Бұл туралы LA Times газетіне берген сұхбатында мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо айтып берді.

Кеше Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында «Канело» төрешілер шешімімен америкалық Дэниэл Джейкобсты (35-3, 29 КО) жеңіп, одан IBF белбеуін тартып алды.

Бұл жекпе-жекті Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) де тамашалады.

Алайда жекпе-жектен кейін Альварес баспасөз мәслихаты кезінде Головкиннің атын да атамады. Ал оың бапкері боксшы рингке қыркүйекте, Мексиканың тәуелсіздік күні рингке оралып, қайтадан T-Mobile аренасында жұдырықтасады деген ойда. Рейносо қарсылас Головкин бола ма деген сұраққа «жоқ» деп жауап берді.

«Менің мақсатым – титулдар үшін жұдырықтасу», – деп қостады бапкерінің сөзін Альварес. Абсолют атану үшін соңғы WBO белбеуі Деметриус Андрадеде екенін атап өткен мексикалық онымен қыркүйек ортасынада жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы