378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық парадзюдошы әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды

  • 108
  • UPD: 12:42, 14.05.2019
Қазақстандық парадзюдошы әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды

Парадзюдошы Олжас Оразалыұлы әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды.

Бұл туралы «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан парадзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінде қазақстандық спортшы Олжас Оразалыұлы қола жүлдегер атанды. 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлем чемпионы Олжас жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті.

Жарыс нәтижесі бойынша Әзірбайжандық Ширинли Вугар жарыс жеңімпазы атанса, Бельгия спортшысы Алекс Болога екінші орынға табан тіреді.

Байрақты бәсекеде 35 мемлекеттің балуандары 2020 жылы Токиода өтетін паралимпиада ойындарына жолдама ұпайларын сарапқа салуда.

12-15 мамыр аралығында өтіп жатқан додада ел намысын 4 салмақ дәрежесінде жеті спортшы қорғауда.

Хабар 24 телеарнасы