379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияр Елеусіновтің екінші баласы дүниеге келді

  • 261
  • UPD: 10:00, 29.05.2019
Данияр Елеусіновтің екінші баласы дүниеге келді vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) шілдеде болатын жекпе-жегінде титул үшін жұдырықтасуы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz Олимпиада чемпионының менеджеріне сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі АҚШ-та 27 шілдеде болады. Ол Техас штатының бас қаласы Далласта өтеді. 28 жастағы Елеусінов кәсіпқой рингте алғаш рет 10 раундтық жекпе-жек өткізеді.

«Қазіргі уақытта Данияр үйінде. Оның тағы бір баласы дүниеге келді. Ол баласын көру үшін үйге оралған. Он күннен кейін қайтадан жаттығуға оралады. Жаттығу кезінде соңғы жекпе-жектегі кеткен қателіктермен жұмыс істейді. Ал келесі бокс кеші оған қиын болады. Себебі ол 10 раундтан тұрады, оған қоса титулды жекпе-жек. Сондай-ақ біз аймақтық WBO, IBF, WBC және WBA сынды бос белбеулер үшін болатын жекпе-жектерді қарастырып жатырмыз. Бірақ ендігі кездесулердің барлығы тек қиындай береді», - деді боксшының менеджері.

Айта кетейік, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов чилилік Луис Норамбуэноны (3-2-1, 0 КО) жеңіп, кәсіби рингте жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы