389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының Ақсу қаласында футбол ойыны жанданды

  • 363
  • UPD: 10:35, 01.06.2019
Павлодар облысының Ақсу қаласында футбол ойыны жанданды

Павлодар облысындағы Ақсу қаласында футбол ойыны қайта жанданды.

Металлургтер мен энергетиктер шаһарының футбол клубы екінші жыл қатарынан жанкүйерлерін қуантып отыр. Мұндай жетістікке спорт құрылымдарын дамытудың арқасында қол жетті. Өткен жылы «Достық» стадионындағы футбол алаңы күрделі жөндеуден өткен еді. Оны қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 50 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Шағын қалада спорт түріне қызығушылық жоғары. Бүгінде 2 мыңнан астам адам футбол ойнайды. Бүгін шағын футболдан балалар арасындағы лига жалауын көтереді. Ал Ақсу ферроқорытпа зауыты жанындағы «Металлург» клубында спорттық резервтер дайындалады. Үздік ойыншылар «Ақсу» кәсіби футбол командасының құрамына өтеді. Жуырда «Достық» стадионында жергілікті команда Солтүстік-Қазақстанның «Рузеевкасын» қабылдады. Ел чемпионатының 11-туры шеңберінде  өткен ойын 2:2 есебімен аяқталды. Енді ақсулық футболшылар облыс орталығында «Ертіс» командасымен кездеседі.

Зада Қайыргелдин, Ақсу қалалық футбол клубының әкімшісі:

- Жанкүйерлер сағынды осы футболды, үлкен футболды. Сондықтан міне биыл жаңа команда құрылды. Оның құрамында біздің жас дарынды футболшыларымыз негізі 10 турдың 7-де қазір 7-орында келе жатырмыз. Бұл үлкен сондай серпіліс берді біздің жастарға, жөспірімдерге. Әсіресе мына мектеп жанындағы балаларға. Олар былтыр өздерінің лигасын ұйымдастырып өткізді. Сонда қатысқаны 2 мыңға дейін жуық болды 150 командадан.

Хабар 24 телеарнасы