389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Клопптың «Оскары». «Ливерпуль» - чемпион!

  • 217
Клопптың «Оскары». «Ливерпуль» - чемпион! prosports.kz

Биыл Чемпиондар лигасында ағылшын клубы жеңіске жететіні алдын ала белгілі болған. Өйткені... Екі клуб та Англиядан.

«Ванда Метрополитано» стадионында жиналған жанкүйерлер ойынның екінші минутында алғашқы голдың куәгері болды.

Ойын бастала салып «Ливерпуль» алға ұмтылды. Садио Мане сол қапталда дриблинг жасап оң қанаттағы әріптесіне пас беруді көздеген. Алайда доп орта жолда «Тоттенхэм» қорғаушысының қолына тиіп кетті. Алаңдағы төреші Дамир Скомина бірден нүктеге көрсетті. Тіпті VAR-дың көмегіне жүгінген жоқ. Стандартты орындаған Мысыр «перғауыны» Салах салқынқандылықпен есепті ашты. «Тоттенхэм» жауап қайтаруға тырысқанымен әрекеттері нәтижесіз болды бірінші таймда.

Екінші кезеңде қос тарап сауатты шабуыл ұйымдастыруға тырысқан. Бұрыштамалар көп болды. Матчтың соңына таман тайлы-тұяғымен шабуылға шыққан «Тоттенхэм» прессингті күшейтті. Сон сең бұзар екпінмен қақпашы алаңына кірген, бірақ соққылары дұрыс болмады. 84-минутта айып добын орындаған Ериксен таразы басын теңестіруге жақын болған. 87- минутта «Ливерпуль» ойыншысы Ориги «Тоттенхэмның» бар үмітін сөндірді. Бұрыштамадан кейін қақпа алдындағы қарбаласта қырағылық танытқан Ориги Льористі екінші рет қапы қалдырды.

Төреші ойынның негізгі уақытына бес минут қосты. Алайда есеп өзгермеді - 0:2. «Ливерпуль» - Чемпиондар лигасының жеңімпазы. «Оскар» жүлдесін ұзақ жыл алмаған Ди Каприо секілді Юрген Клопп та трофейді басынан асырып көтерді. 

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы