383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Денис Тенге арналған мемориал ашылады

  • 105
Алматыда Денис Тенге арналған мемориал ашылады inbusiness.kz

Мезгілсіз мерт болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнап ескерткіш қойылады, деп жазады Prosports.kz.

Тенге арналған мемориалдың ашылу рәсімі Алматы қаласында 13 маусым күні сағат 11:00-де өтеді.

Ескерткіш спортшы пышақ жарақатын алған жер – Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орнатылады.

Мемориалдың ашылу рәсімі Денистің туған күніне орайластырылған. Аман болғанда, 13 маусымда ол 26 жасқа толар еді.

Денис Тен атындағы қор өкілдерінің айтуынша, бұл мемориал еліміздің атын әлемде таныту үшін бар күш-жігерін жұмсаған спортшыға деген халықтың үлкен құрметінің белгісі болмақ.

Еске сала кетейік, даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде қайтыс болды. Құқық қорғаушылардың анықтауынша, көлігінің айнасын шешіп жатқан ұрыларға қарсы ұмтылған Тен санынан пышақ жарақатын алады. Жарақатынан көп қан жоғалтқан Денис Тен ауруханада көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы