382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теннисшілеріміз «Ролан Гарроста» қанша табыс тапты?

  • 115
  • UPD: 22:46, 04.06.2019
Теннисшілеріміз «Ролан Гарроста» қанша табыс тапты?

«Ролан Гаррос» турнирінде бірде-бір теннисшіміз қалмады.

Ширек финалдық кезеңге қазақстандық теннисшілердің ешқайсысы шыға алмаған.

Осы орайда бір-екі кездесу өткізген теннисшілеріміз тапқан пайдасын есептеп көрдік.

Галина Воскобоева – 7 750 еуро

Жұптық және микс сынында бақ сынаған Галин Воскобоева бірінші кезеңінен ары аса алмады. 

Елена Рыбакина  – 46 000 еуро

Мұндай әлемдік деңгейдегі турнирге алғашқ қатысқан Елена Рыбакина жеке сында алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліс тапты. Жас теннисші чехиялық Катержин Синяковаға есе жіберген болатын.

Юлия Путинцева – 51 750 еуро

Қазақстанның бірінші ракеткасы жеке сындағы алғашқы матчында швециялық Ребекка Петерсоннан айласын асыра алмады. Ал жұптық сында румыниялық Андреа Митумен бірге Дарья Касаткина – Анетт Контавейт жұбына есе жіберді.

Зарина Дияс – 87 000 еуро

Қыздар арасында ең үздік нәтижені Зарина Дияс көрсетті. Екінші кезеңге өткен ол Вероника Кудерметовадан ұтылды.

Михаил Кукушкин – 76 000 еуро

Жеке сында словак Мартин Клижанға алғашқы кездесуінде есе жіберген Михаил Кукушкин 76 мың еуро пайда тапты. Оның Йоран Флигенмен жұбы ширек финалға дейін шықты.

Александр Бублик – 87 000 еуро

Александр Бублик те өзге теннисшілеріміз тәрізді екінші кезеңнен ары аса алған жоқ, деп жазады prosports.kz. 

Хабар 24 телеарнасы