378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин Роллспен жекпе-жегі алдындағы соңғы мәлімдемесін жасады

  • 150
  • UPD: 09:06, 06.06.2019
Головкин Роллспен жекпе-жегі алдындағы соңғы мәлімдемесін жасады Sports.kz

Жекпе-жек Нью-Йоркте өтеді.

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жеңілмеген канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы жекпе-жегі алдында ресми баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

«Бәріне сәлем. Мұнда болғаныма бақыттымын. Бұл менің екінші үйім екенін білесіздер. Бұл мені үнемі қолдайтын отбасым. Маған мүмкіндік беріңіздер, сіздерге тамаша шоу көрсетем. Ұзақ үзілісте болдым, бірақ, мен ақылдырақ және күштірек күйде оралдым. DAZN, демеушілер мен командама алғыс айтамын.

Қуатымды сезінемін. Қарсыласымды сыйлаймын. Стив Роллс - жеңілмеген боксшы. Бұл үлкен бизнес және салмақты спорт. Ол сенбіде үлкен жекпе-жекке дайын екеніне сенімдімін. Бұл жақсы айқас болады. Соғңы екі аптада маған: «Айтшы, осыны айтшы» деп келді. Көп сөйлегім келмейді. Сенбіде Madison Sqare Garden аренасына келіңіздер. Жекпе-жекті өткізіп алмаңыздар. Керемет шоу мен тамаша атмосфера боларына сөз беремін. Нағыз жанкүйер болсаңыздар, жекпе-жегімді өткізіп алмаңыздар. Барлығына рахмет», - дейді Головкин.

Хабар 24 телеарнасы