383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арал қаласында бокстан республикалық турнир өтіп жатыр

  • 269
  • UPD: 18:44, 17.06.2019

Еліміздің боксқа бет бұрған ұландары Қызылордада қолғап түйістіруде. Жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир жүлдесін 120-дан астам спортшы сарапқа салып жатыр.

Сыр елінің төріне тігілген шаршы алаңда өнер көрсетуге ел аумағынан бөлек Өзбекстан боксшылары да арнайы ат терлетіп келген. 15 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсетін сайыс 4 күнге созылады. Жарыстың ашылу салтанатында 15 команданың былғары қолғап шеберлеріне Сыр спортындағы серпіліс жөнінде кеңінен айтылды. Жұдырықтасушы өрендердің 3 раундтық кездесулеріне қазылық етуге еліміздегі білікті төрешілер тобы шақырылған. Жарыстың алғашқы күнінде Арал ауданының спортшылары қарсыластарына дес бермеді. Сонымен қатар өзбек боксшылары да қарымы мықты екендігін байқатты. Осымен 6-рет ұйымдастырылып отырған бәсеке талай тегеурінді жастың томағасын сыпырды. 

Заңғар Сабыр, турнирге қатысушы:

- Жаңа ғана шықтым, қарсыласым мықты болды. Ағайдың айтқан үш соққысын ұрғасын оның мұрны қанап, ұтылып қалды. Төрешілер мұрны қанағасын, жағына көп соққы бергесін маған берді жеңісті. Алдыңғы қол, артқы, қапталдан, ішке араластырып ұра бердім. Мен боксқа 3 жыл қатыстым. Осы 9-жарысым. Бұл жарыста да 1-орын аламын деп ойлаймын.

Михротч Мухамадиев, турнирге қатысушы (Өзбекстан):

- Бапкерім көп соққы жасап, қорғанысты ұмытпа деді. Олимпиада чемпионы болу жолында осы жарыс шеберлігімді арттыруға елеулі үлес қосып отыр.

Хабар 24 телеарнасы