384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда тұрғындары «Бейжің-Париж» ретро-раллиін қызықтады

  • 185
  • UPD: 23:35, 17.06.2019

Елорда тұрғындары автокөліктің 102 түрін көріп, эксклюзивті машиналарды тамашалады.

Қалаға 7-халықаралық «Бейжің-Париж» ретро раллиінің қатысушылары келді. Автожарыс 3 жылда бір ұйымдастырылады. 

Матео ескі көлігін жөндеп жатыр. Монғолия жолында көлігімен қоса суға кете жаздаған. Абырой болғанда өзі аман. Жергілікті тұрғындар  көмек қолын созып, көлігін судан шығарып беріпті. сөйтіп темір тұлпары жолда қалдырмай, Нұр-Сұлтанға жеткізді. Италиялық сәулетші жігіт бос уақытында осылай көлікпен саяхат жасағанды ұнатады.

Матео, раллиге қатысушы:

- Бұл көлік 1975 жылы шыққан. Раллиге алғаш рет қатысып жатыр. 8 сағаттай Монғолия жерінде тұрып қалдық. Адамдар көмекке келіп, көлігімді жөндеп алдым. Ұзақ уақыт тұрып қалсам да, басқа көліктерді қуып жеттік.

Ретро көліктер Пекиннен Парижге дейін 15 мың шақырымдай жол жүреді. Пекиннен шыққан соң Монғолия, Ресей мен Қазақстаннан өтіп, одан әрі Еуропаға жетеді. Соңғы мәре - Париж. Бұл жолғы ралли Қазақстанның бірқатар өңірін басып өтеді. Халықаралық автожарысқа 1976 жылға дейін шығарылған ескі, эксклюзивті көліктер ғана қатысады. 

Ізғали Ырымбек, қала тұрғыны:

- Өзіме жалпы ретро машиналар ұнайтын, тарихи жерлер, тарихи ғимараттар ұнайтын. Мен үшін күтпеген жаңалық болды. Өте қуаныштымын. Гоночный машина қызық болды. Асты төмендеу екен, біздің жолдарға келе ме келмей ме?

Бейжіңнен 120 көлік шыққан. Алайда оның 18-і қазақ жеріне жете алмай, жолда қалды. Алда әлі де жол ұзақ. Жалпы бұл жарыстың тарихы сонау 1907 жылдан басталады. Идея авторлары Француз газетінің өкілдері. Сөйтіп 20 ғасырдың басынан бастап әр 3 жыл сайын Бейжіңнен шыққан көне көліктер 14 мемлекеттің аумағын басып өтіп, Парижге жетеді.

Андрей Виноградов, комментатор:

- 102 көлік қана біздің елімізге жеткен. Қалғандары техникалық себептерге байланысты жолдан шығып қалған. Раллиге қатысып жатқан ең ескі көлік 1907 жылы шығарылған екен. Қозғалтқышында 44 аттың күші бар.

Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан ралли Бурабайға бет алды. Ары қарай Қостанай облысына барады. 

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы