384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Уимблдон турнирі: Кукушкин Нисикориден жеңіліп қалды

  • 500
  • UPD: 15:15, 09.07.2019
Уимблдон турнирі: Кукушкин Нисикориден жеңіліп қалды Inbusiness.kz

Дзюдодан Макаода аяқталған жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуандары бес медаль ұтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

90 келі салмақта Мұхамедәлі Мавлидов құрлық чемпионы атанса, Айдар Арапов пен Жұрғамыр Шүкірбеков күміс жүлдеге қол созды. Қыздар арасында Мәдина Парағұлова қола медаль еншіледі.

«Астана» велокомандасының капитаны Якоб Фульсанг «Тур де Франс» көпкүндігінің үшінші кезеңін 14-орынмен аяқтады. Алексей Луценко мәре сызығын 18-болып кесті. Қазақстандық команданың велошабандоздары шешуші шақырымдарда белсенділік танытты. Алдымен Омар Фраиле, сосын Алексей Луценко жылдамдықты арттырып, негізгі топтағы Якоб Фульсангқа қолдау көрсетті. 215 шақырымдық кезеңде француз Джулиан Алафилиппе жеңіске жетті. Австралиялық Майкл Мэттьюс екінші орынға ие болса, бельгиялық Яспер Стейвен үздік үштікті түйіндеді.

Якоб Фульсанг, Astana Pro Team велокомандасының капитаны:

– Менің үлкен жоспарларым бар. Тур енді басталды. Сондықтан жеңіске жетуге ұмтыламыз. Көпкүндіктің басында жолымыз болмады. Бірақ Парижге дейін жол ұзақ. Соңына дейін сайысқа түсеміз. Алдымызда көп кезеңдер тұр. Тау жолдарында қиын асулар бар. Бір-екі күнде мықтылар қатарына қосыламын деген үміттемін. 

Уимблдон турнирі: Кукушкин Нисикориден жеңіліп қалды

Михаил Кукушкин Уимблдон турнирін төртінші айналымда аяқтады. Қазақстандық теннисші осы турнирдегі ең үздік нәтижесін көрсетті. 1/8 финалда жапониялық Кей Нисикоримен кортқа шыққан жерлесіміз 3:6, 6:3, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Ойын екі сағат 46 минутқа созылды. Күншығыс елінің теннисшісі Кукушкинге ыңғайсыз қарсылас болып тұр. Екі спортшы арасындағы бұған дейінгі тоғыз ойынның барлығында Нисикори басымдық танытқан. Енді жапон жігіті ширек финалда Роджер Федерермен кездеседі. Уимблдонда сегіз мәрте топ жарған швейцариялық теннисші кезекті жүлдесіне сенімді қадам жасады. 37 жастағы ойыншы италиялық Маттео Берреттинидің осал тұсын тапты. Есеп – 6:1, 6:2, 6:2.

Лукас Эрнандес, «Баварияға» қосылды

«Бавария» жаңа ойыншыларының бірі Лукас Эрнандесті таныстырды. 23 жастағы француз қорғаушысы Мадридтің «Атлетикосынан» ауысып келді. Мюнхендік клуб футболшыны 80 млн еуроға сатып алғаны белгілі. Испания чемпионатында 14 матчқа қатысып, бір доп соққан қорғаушы Германия чемпиондарымен бес жылдық келісімшартқа отырды.

«Бавария» – әлемдегі ең үздік клубтың бірі. Олар маусым сайын барлық турнирлерде топ жаруға ұмтылады. Команда сапында мықты футболшылар доп тебеді. Бұл клубты Еуропада бәрі таниды», – дейді Эрнандес тілшілермен жүздесуде.

Мюнхен командасы жаңа маусымға дайындықта ерте бастады. Бундеслига чемпиондары Эрнандес пен Бенжамин Паварды қыста сатып алған болатын. «Бавария» Франция құрамасының қорғаушыларына 115 млн еуро жұмсады. Енді олар шабуылшы Тимо Вернерді қатарына қосуды көздейді.

Хабар 24 телеарнасы